USD
USD
USD

Астаналық азамат 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген

Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үшінші тұлғаның мүддесі негізінде 57 жастағы әйелдің өлімін ұйымдастырған елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық азамат 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы “орындаушымен” мәміле жасасып, оған шартты 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде берген, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.

Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды.

Жәбірленуші оған 2023 жылдың ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған. Өзге деректер тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды