USD
USD
USD

Астаналық зейнеткерлер этноауылда өнер көрсетті

13 қыркүйекте Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз ата-әжелері Этноауылда өткен көшпенділер ойындарында өнер көрсетті.

Астаналық зейнеткерлер этноауылда өнер көрсетті
Фото: Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Астаналық зейнеткерлер «Ұлы дала дүбірі» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру аясында концерттік бағдарлама ұсынды.
Көшпенділер ойынының қонақтары мен көрермендеріне арналған концертте «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі, сәнқой әжелерден құралған «Kerbez_models» тобы, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі мен «Кел, шырқайық!» теле жобасының бас жүлдегерлері «Әдемі» вокалдық ансамблі өнер көрсетті.

Астаналық зейнеткерлер этноауылда өнер көрсетті
Фото: Астана әкімдігі

Олар «Балбырауын» мен «Әсем қоңыр» күйлерін, «Әгугай» әні мен «Әсемдік» биін көрермен назарына ұсынды.

Сонымен қатар іс-шара барысында Белсенді ұзақ өмір сүру ортағында қызмет алушы 50-ге жуық спортшы ата-әже жиналғандарға «Айкүне» гимнастикасын көрсетті. Қазақ гимнастикасының шығу тарихы жайында мағлұмат беретін әр жаттығудың таңбасы экранда көрсетіліп тұрды.

Астаналық зейнеткерлер этноауылда өнер көрсетті
Астана әкімдігі

Орталықтың шебер әжелері 7-13 қыркүйек аралығында Этноауылда өтіп жатқан көрмеге өз қолдарымен жасаған қол өнер бұйымдарын қойды. Атап айтқанда көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар мен шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, ұлттық қуыршақтар, асық, торсық, тұмарлар сияқты кәдесыйлар мен т.б. ұлттық бұйым түрлерін ұсынды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының волонтер зейнеткерлері көшпенділер ойындарын ұйымдастыру жұмыстарына да атсалысты. 
«Күміс еріктілер» клубының 20-ға жуық еріктісі 36 нысанның аумағында қала қонақтарын қарсы алу, ойынның бағдарламасы мен нысандардың орналасуы бойынша анықтамалық көмектер көрсетті.

Ата-әжелер «Дүниежүзілік көшпенділер ойынына» өз үлестерін қосып жатыр. Киімдері мен дайындаған өнерлері шетелдік туристерді таңғалдырмай қоймады. Қазақ дәстүрі мен мәдениетін ары қарай дамыту үшін қариялардан үйренер өнерлеріміз көп.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.