USD
USD
USD

Астаналық тұрғын пәтер жалдаймын деп алданып қалған

Астаналық тұрғын пәтер жалдаймын деп сан соғып қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. 32 жастағы әйел пәтер жалдаймын деп алданып қалған. Алаяқтық туралы арызбен полицияға қала тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу пәтерлерді жалға беремін деген сылтаумен ақшасын иемденіп алған.

«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Нұра аудандық криминалдық полициясы бөлім қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Krysha.kz сайтында жарнамаларды орналастырып, тұтынушыларды арзан бағамен және әдемі фотосуреттермен қызықтырған.

Алайда алаяқтың басты шарты пәтердің ақысын алдын ала төлеу болды. Келтірілген шығын көлемі 20-55 мың теңге аралығында болды. Ақшаны алғаннан кейін ол хабарландыруды өшіріп, телефон нөмірін ауыстырған.

Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып, өзге де жәбірленушілер анықталуда. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың 19-21 ақпан аралығында Астана қаласында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – интернет-алаяқтықпен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған басқа да құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру.

Жедел алдын алу іс-шаралары басталғаннан бері – осы санаттағы 18 қылмыстар тіркелді, 4-і ашылды, бұрын жасалған 21 қылмыс анықталды, 16 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, интернет-мониторинг барысында 4 сайт анықталып, бұғатталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи