USD
USD
USD

Елордалық тұрғын әріптесінің телефонын ұрлап кеткен

Астанада ТҚС қызметкері әріптесінің телефонын ұрлап, орталыққа тиесілі мотор майларын сатқан ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны құны 855 мың теңге тұратын Redmi телефонының ұрланғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол гаджеттің жоғалуы жұмыс орнында болғанын жеткізген.

Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция қызметкерлері көлік жуу мекемесінің 40 жастағы қызметкерін күдікті ретінде ұстаған. Ол әріптесінің телефонын еш кедергісіз ашық түрде ұрлағаны белгілі болған.

Сонымен қатар күдікті техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп жүріп, клиенттерге мотор майларын сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны да анықталды.

Осы фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Ұрланған телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов