Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды

Астана қаласы көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-нен астам көкпаршы қатысып, 15 команда құрап, 4 топқа бөлініп сынға түсті. Әр топтан үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алып, ақтық сында бақтарын сынады.

Жеті күнге созылған дүбірлі бәсекеде Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы өз рекордын жаңартып, тағы бір мәрте жеңіске жетіп, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды.

Шымкент қаласының командасы күміс медаль иегері болса, Астана қаласының көкпар командасы Қызылорда облысының көкпаршыларын 3:2 есебімен ұтып, үздік үштіктің қатарынан көрініп, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен жекпе-жек аттарының сайысы марапатталып, астаналық «Саян» сәйгүлігі чемпион атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ақшалай сыйақысымен марапатталды.

Айта кетейік, бұл дүбірлі дода – Қазақстан чемпионатының тарихындағы 24-ші мәрте ұйымдастырылған ел чемпионаты.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде 12 адамның өліміне әкелген жарылыс: дәмхана иесі сотта жауап берді

Сот

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі