USD
USD
USD

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Биылғы ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Астана қаласының көкпаршылары қола жүлдеге ие болды.

Көкпар
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Шымкентте XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180 астам көкпаршы қатысты. Олар өзара 15 команда құрап, төрт топқа бөлініп бақ сынады. Әр топтан үздік деп танылған командалар жартылай финалға өтіп, ақтық сында бар күш-қайратын ортаға салды.

Бір аптаға созылған дүбірлі додада Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы тағы да рекорд жаңартып, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды. Шымкент қаласының командасы да басымдылық танытып, күміс медальға ие болды. Ал Астана қаласының көкпар командасы Қызылорда облысынан келген көкпаршыларды 3:2 есебімен ойсырата жеңіп, қола жүлдені еншіледі.

Чемпионат аясында шебер өнер көрсеткен аттардың иелері де марапатталды. Мәселен, дүлдүлдер арасында дес бермеген астаналық «Саян» сәйгүлігі чемпион болды. Үздік деп танылған спортшылар мен бірқатар жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ақшалай сыйақысы табысталды.

Еске сала кетейік, көкпаршылар арасындағы Қазақстан чемпионаты осымен 24-ші мәрте өтіп отыр.

Айта кетейік, кейінгі кезде елімізде көкпарға қатысатын жүйріктерді даярлайтын азаматтар саны да өсіп келеді. Олардың арасында Алматы облысындағы Нұрбол Беймағанбеттің есімін ерекше атай кеткеніміз жөн. Көкпаршының дайындап жүрген сәйгүліктері мен шәкірттері Республикалық додаларда өнер көрсетіп жүр. Қызылордалық көкпаршы Сламхан Боранбай да саналы ғұмырын ұлттық спорт түріне арнап келеді. Бұл санатқа «Әулиета» командасындағы Нұрдәулет Момыновтың да шеберлігін қосамыз.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net