USD
USD
USD

Астана-Ыстамбұл рейсінің жолаушылары бір тәуліктен бері ұша алмай отыр

Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Ыстамбұл бағыты бойынша рейсінің жолаушылары ұшақ ұшатын уақыт үш рет шегерілгенін айтты.

Астана-Ыстамбұл рейсінің жолаушылары бір тәуліктен бері ұша алмай отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бүкіл жолаушы қонақүйге орналастырылып, оларға сусын мен ыстық тамақ беріледі.

Жолаушылардың бір бөлігі "Pegasus Airlines" әуе компаниясының "Астана - Стамбұл" бағытымен 28 қарашада ұшатын РС 229 рейсіне брондалған.

Сонымен қатар Стамбұлдан Астанаға ұшып келетін РС 228 рейсімен ұшақтың техникалық ақауын жөндеуге керекті бөлшектері жеткізілмек.

Одан бөлек, комитет ұшудан бас тартқысы келген жолаушыларға әуе компаниясы билет пұлын қайтарып беретінін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық