Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанаға LRT-ның алғашқы вагондары жеткізілді

Елордаға жеңіл рельсті көліктің алғашқы жылжымалы құрамы жеткізілді. Құрамдар арнайы жабдықталған автотралдармен әкелінді. Олардың әрқайсысы төрт вагоннан тұрады.

Астана LRT
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Вагондар Таншань қаласында (Қытай) шығарылды. Автокөлікпен жеткізу Қытай мен Қазақстан аумақтары арқылы өтетін, ұзындығы 5 300 км-ден асатын маршрут бойынша жүзеге асырылды. Бүкіл жол 10 күнге созылды. Автотрал платформаларына секцияларды тиеу тікелей өндіруші зауыттағы крандардың көмегімен жүзеге асырылды. Маршруттың барлық кезеңінде жүктердің бекітілуі мен қауіпсіздіктің қатаң шаралары қамтамасыз етілді.

Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталған, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді: есіктердің автоматты түрде ашылып-жабылуы, тоқтау және жылдамдату, депоға кіру және шығу, құрамдардың жағдайын бақылау, сондай-ақ пойыздар арасындағы қашықтықты қадағалау.

Құрамдар толықтай автоматтандырылған, басқару жүйесі жүргізушісіз жүзеге асырылады және операторлар тарапынан үнемі бақылауда болады.

Аталған құрамдарды өндіру барысында заманауи, жеңіл және берік материалдар қолданылды. Бұл шешім жолаушыларға қолайлы динамикалық сипаттамалар мен жоғары деңгейдегі акустикалық жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрамдардың жалпы техникалық параметрлері:

• Ұзындығы – 59,97 м, ені – 2,8 м, биіктігі – 3,8 м;

• Қуат көзі түрі: үшінші рельс, 750 В;

• Сыйымдылығы: 600-ден астам жолаушы;

• Ең жоғары жылдамдығы: 80 км/сағ;

• Орташа пайдалану жылдамдығы: 39,5 км/сағ;

• Салмағы: 94 т (жолаушыларсыз).

Вагондарды сатып алу және тасымалдау EPC-келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады, яғни жеке бюджеттік қаржыландыру бөлінбейді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық