USD
USD
USD

Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды

2023 жылғы 8 мамыр 23:30-дағы КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды FlyArystan-ның баспасөз қызметі.

Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Біз ауа райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар live-chat қызметіне және WhatsApp-chat 24/7 қызметіне қолдау сұрай алатынын еске саламыз", – делінген хабарламада.

Әуекомпания сонымен бірге ауа райы қолайсыздағына байланысты болса да, рейстің жолаушылары екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрон пошта хабарламасын сұрай алатынын еске салды.

Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде-ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгіну керек. 

Бес сағаттан артық кешіктірілгенде бір рет әуебилеттің уақытын тегін өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан 37 млрд теңгенің 190 мың тонна бензині Қырғызстанға заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі

Қазақстанда электр самокаттарының тротуарлармен жүруіне тыйым салынады

Электр самокаттар

Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

бекет