USD
USD
USD

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

2025 жылы «BI Group» алпауыты Астана аумағындағы құрылыстан 610 миллиард теңге ортақ түсім алған. Ал Алматы 192 миллиард, Шымкент болса 157 миллиард теңге пайда әкелген. BI Group табысындағы Алматының үлесі жыл санап қысқаруда. Тіпті болашақта Алматыны Шымкенттің басып озуы әбден мүмкін. НЕГЕ?

.
Фото: NEGE

Құрылыс холдингі өзінің биржада листингтенген «BI Development» компаниясы арқылы қаржылық есебін жариялап отырады. 2025 жылғы аудиттелген есепке сәйкес BI Group былтыр рекордты таза кіріске кенелген. Оның мөлшері 122,6 миллиард теңгені құрады. 2024 жылғы 75,8 миллиард теңгемен салыстырғанда, таза пайда бір жылда шамамен 46,8 миллиард теңгеге артқан. Бұл былтырғы нарықтағы баға мен конъюнктураның Айдын Рахымбаев үшін қолайлы болғанын көрсетеді.

BI
Фото: Nege.kz

BI Group былтыр үш тоқсанның қорытындысын шығарғанда, 25 миллиард теңге дивиденд жариялаған еді. Оның 16 миллиард теңгесі акционерлерге төленіп кетті. Ең ірі акционер Айдын Рахымбаевтың нақты үлесі бойынша ақпарат жоқ. Бірақ ол бақылаушы тұлға деп танылғандықтан, қолындағы акциялар жиынтығы кемі 51% болуы тиіс. Одан бөлек Бауыржан Исабаев, Асхат Омаров, Амангелді Омаров, Данияр Оспанов сынды топ-менеджерлер де акционерлер құрамына кіреді.

Тақырыпқа орай: Биыл BI-леуге де болады. Рахымбаевтың сол алақаны НЕГЕ қышуда?

25 миллиард теңге үш тоқсан бойынша жарияланғандықтан, биыл тағы да қосымша дивиденд бойынша шешім қабылданады деп күтеміз. Сонда жиынтық дивиденд 40 миллиард теңгеден аз болмайды деген болжамымыз бар. Оның ең кем дегенде 20 миллиард теңгесін Айдын Рахымбаев алады деп ойлаймыз. Бұл өткен жылғы картинаның логикасына сай келеді. Себебі, 2024 жылы пайда былтырғыдан аз болса да, акционерлер 34,7 миллиард теңге дивидендті үлестіріп алған болатын.

BI
Фото: BI Group

Былтыр BI Group-тың жиынтық түсімі 1 триллион теңгеден асты. Оның негізгі бөлігі баспанаға тиесілі. Тұрғын үй сатудан түскен табыс 937,3 млрд теңге болса, коммерциялық жылжымайтын мүліктен 108,2 млрд теңге кіріс келген. Яғни компанияның бизнес-моделі толықтай тұрғын үй нарығына байланғаны байқалады.

Тақырыпқа орай: BI Group қырып ақша таба бастады. Рахымбаев НЕГЕ рекорд жаңартпақ?

2025 жылы BI Group үшін тұрғын үй құрылысының өзіндік құны 711,67 миллиард теңгеге жетті. Кейбір ақпарат көздері сол жылы холдинг 2,4 миллион шаршы метр баспана салды деген деректер келтіреді. Осы деректер бойынша есептесек, бір шаршы метрдің өзіндік құны 296 529 теңгені құраған.

Былтырғы 140 миллиард теңгелік операциялық кірістен құрылыс холдингі бюджетке 22,5 миллиард теңге корпоративті табыс салығын төледі.

BI тобының бірнеше компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығындағы еркін экономикалық аймақта тіркелген. Соның арқасында BI Group салықтан шамамен 4,9 миллиард теңге үнемдеді.

Бірақ биылдан бастап алпауыт үшін салық саласындағы жағдай өзгере бастады. Оның басты себебі – тұрғын үй құрылысына қосымша құн салығының енгізілуі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

отбасы қазасы

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі

Кәсіпкер

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Емхана

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

.