USD
USD
USD

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін 08.28-де Тұран даңғылындағы "Barys City" тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE . Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екінші қабаттағы пәтердің балконы жанып жатқаны анықталды.

"Қатты түтін болды. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 16 адам, оның алтауы – бала, сыртқа шығарылды", - делінген хабарламада.

Сағат 09.10-да өрт сөндірілді. Қаза болғандар жоқ.

Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі