USD
USD
USD

Астанадағы нөсер кәрізі мен арық желілері тазартылып жатыр

Елордада нөсер кәрізі мен арық-науа желілерін тазарту бойынша, сондай-ақ проблемалық учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасын тауып жатыр. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Ерғали Омаров Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында  осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырды.

Астанадағы нөсер кәрізі мен арық желілері тазартылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Ерғали Омаровтың айтуынша, қазіргі таңда елордада нөсер кәрізі мен арық-науа желілерін тазарту бойынша, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету, сондай-ақ проблемалық учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Күн сайын осы жұмыстарды атқаруға 40 бірліктен астам арнайы техника мен 325 жұмысшы жұмылдырылады екен.

Кәсіпорын су тасқыны кезеңінде су басуды болдырмау үшін қар мен мұзды тазарту, арық желісін тереңдету, құбырларды булау, қар шығару, магистральдық коллекторларды тазалау жұмыстарын атқарады. Атап айтар болсақ, биыл 42 мың м3 астам су сорылып, айдалып, 6,5 км. коллекторлар тазартылды, сондай-ақ 5,5 км. құбыр­лар буландырылған. 177,7 тонна тұнбаны, оның ішінде тазарту құрылыстарындағы тұнба карталарын тазарту «Эко-полигонға» шығарылған.

– I-Komek 109 қызметіне келіп түскен ашық құдықтар, нөсер кәріздерін және арық-науа желілерін тазарту мәселелері бойынша өтінімдер қаралуда. Күн сайын жеке сектордан шаруашылық-фекальды кәріздердің және тұрмыстық сулардың төгінділерінің заңсыз қосылыстарын, нөсерлі кәріз желісін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағызу фактісі анықталған кезде фото және видео материал әкімшілік сипаттағы шараларды қабылдау үшін табиғат қорғау полициясына жіберіледі, – дейді «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Омаров.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны