USD
USD
USD

Астанадағы көшелердің біріне жанқиярлықпен қаза тапқан өрт сөндірушінің есімі беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өртенген үйде адамдарды құтқару кезінде жарақат алып, ауруханада көз жұмған Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлады Stan.kz.

Астанадағы көшелердің біріне жанқиярлықпен қаза тапқан өрт сөндірушінің есімі беріледі
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлы Забикулиннің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

“Асқар  Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын”, – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылмақ.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев