USD
USD
USD

Астанадағы жерасты зертханасынан 540 миллион теңгенің есірткі сөмкелері тәркіленді

22 ақпанда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы анықтады.

ҰҚК
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды. Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады. Бұдан басқа, Астана қаласы басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер