USD
USD
USD

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

17 қыркүйек түнде Астанада көп қабатты үйлердің бірінің ауласында естілген атыс даусы тұрғындарды дүрліктірді.

Полиция көлігі
Фото: maqat-tynysy.kz

Астана, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Кенесары көшесіндегі «Қазақстан» дүкенінің маңында болған.

Қалалық полиция департаменті өкілдері тұрғын үй ауласында атыс болғаны туралы полицияға хабарлама түскенін растады. Алдын ала мәлімет бойынша, аулада алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас өздерін агрессивті ұстаған. Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу үшін үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы сол жерде ұсталып, полицияға жеткізілді. Құқықбұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Сондай-ақ полиция қызметі тұрғындардың жараланғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – делінген полиция хабарламасында.

Бұл ретте полицейлер ел тұрғындарын ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

 

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті