USD
USD
USD

Астанадағы субұрқақ ісі: Прокурор Болат Мажағұловты 10 жылға соттауды сұрады

Прокурор аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Болат Мажағұлов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинге жаза тағайындауды сұрады.

"Болат Мажағұловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын", – деп мәлімдеді прокурор.

Инженер Мәди Қанапинді Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі ("Көмектесу") және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Еске салсақ, елордадағы субұрқақ ісі бойынша сот қарауы желтоқсанында басталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер