USD
USD
USD

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Астанада 7 мамыр күні өткен плац-концерт кезінде әскери техникадан түтін шыққаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

.
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, брондалған дөңгелекті машинаның өрт қауіпсіздігі жүйесі кездейсоқ іске қосылған.

Алдын ала ақпарат бойынша, «Алан» брондалған машинасының ішінде болған балалардың бірі авариялық өрт сөндіру тетігін байқамай басып қалған. Соның салдарынан қозғалтқыш пен электр сымдарын қорғауға арналған өрт сөндіру жүйесі автоматты түрде жұмыс істеген.

Мамандардың айтуынша, бұл жүйе автономды түрде жұмыс істейді және техниканың энергиямен қамту жүйесі ажыратылған жағдайда да іске қосыла береді.

Мамандар өрт сөндіргіш заттың шашырауы техника ақауын білдірмейтінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат