USD
USD
USD

Астанадағы өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік жүргізушісі жазаланды

Астанада «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде көлігін кіреберіске қойып, құтқарушылардың дер кезінде жұмысқа кірісуіне кедергі келтірген көлік жүргізушісі жауапқа тартылды.

Өрт
Фото: threads/brus_kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт фактісі бойынша, ереже бұзып қойылған көлік оқиға орнынан дереу алынып тасталды.

 

Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция қызметі NEGE-ге.

Бұл ретте полиция өкілдері азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін құқықбұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылатын ескертті.

Еске салсақ, 12 сәуірге қараған түні Астана қаласы Есіл ауданы Түркістан көшесінде 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шығып, кәмелетке толмаған үш бала қаза тапты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйелді құтқарды. Әйел ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. 

Өрт шыққан «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің тұрғыны қайғылы жағдай болған күнді еске алып, балалардың иіс тиіп, қайтыс болғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров