USD
USD
USD

Астанадағы LRT жүйесіне қандай мамандар қажет: қызметкерлерді қабылдау басталды

CTS компаниясы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және кейін жұмысқа орналастыру үшін бірнеше лауазым бойынша қызметкерлер қабылдау басталғанын хабарлады.

City Transportation System
Фото: City Transportation System

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, кандидаттардың көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы қажет. Сондай-ақ тиісті мамандық бойынша бір жылдан үш жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы да талап етіледі.

CTS сайтында жарияланған лауазымдар:
Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:

  • ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
  • күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
  • ғимараттарды жөндеу шебері.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:

  • техникалық жүйелер менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.

Мүлікті басқару бөлімі:

  • қойма менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • қойма шаруашылығы технигі.

Кешенді басқару бөлімі:

  • бөлім басшысы;
  • кешенді және оқу басқармасының менеджері;
  • өндіріс менеджері;
  • экономика менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
  • нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
  • станция ауысымының басшысы;
  • станция кезекшісі;
  • қауіпсіздік менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өндіріс диспетчері.

    Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:
  • өндіріс диспетчері;
  • техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
  • жоспарлы жөндеу слесары;
  • жабдықтарды жөндеу слесары.

    Пойыз бригадалары бөлімі:
  • қозғалыс менеджері;
  • жол техникасының аға машинисі;
  • жол техникасының машинисі.

    Басқару және байланыс жүйелері қызметі:
  • қауіпсіздік менеджері;
  • байланыс шебері;
  • дабыл жүйесі шебері;
  • дабыл жүйесі технигі.

    Электрлік-механикалық қызмет:
  • жөндеу шебері;
  • жөндеу слесары.

    Электрлік жөндеу қызметі:
  • энергетик;
  • электр монтері.

    Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:
  • жол монтері (қараушы);
  • көпір желісі монтері.

Хабарламада мамандар жұмыс берушінің есебінен оқытылатыны  айтылған. Оқу мерзімі – 4 айға дейін. Оқыту Астана қаласында жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі.

Сондай-ақ қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналастырылатыны атап өтілген.

Түйіндеме CTS-тің ресми сайты арқылы қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.