USD
USD
USD

Астанадағы LRT құрылысы: Тіректерді орнату жұмысы толық аяқталды

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

LRT
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды.

Тіректерді құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна.

Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы М600 маркалы бетон қолданылды. Айта кетерлігі, В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда пайдаланылады.

Қазір оқып жатыр

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық