USD
USD
USD

Астанадағы емханаларда адамдар ұзын сонар кезекте тұр

Әлеуметтік желіде елордадағы емханаларда тұмаумен ауырған адамдардың ұзын сонар кезекте тұрған видеолары тарады. 

поликлиника
Фото: syrmediakz

Астана, NEGE. Жағалау ықшам ауданындағы медициналық орталықта тұрғындар кезегі далаға дейін созылған. Айтуларынша, дәрігерлердің бір бөлігі ауырып қалғандықтан, қабылдауды небәрі екі маман ғана жүргізіп жатыр.

Емхана алдындағы кезек дене қызуы барлар және қызуы жоқтар болып екі топқа бөлінген.

Бұл жағдай қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен тұспа-тұс келіп отыр. Астанада Covid-19, гонконг тұмауы және ЖРВИ бойынша сырқаттану өсіп жатыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, маусым басталғалы 82 520 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Соңғы аптада сырқаттар саны 1,5 есе өсіп, 23 002 жағдай анықталған. Бір жасқа дейінгі 577 бала мен 190 жүкті әйел ауруханаға жатқызылды.

Зерттелген 285 биоматериал үлгінің 116-сы А/H3N2 тұмау вирусына оң нәтиже көрсеткен. Бұдан бөлек алты Covid-19 жағдайы тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК