USD
USD
USD

Астанадағы Достық үйінде астаналық филиал белсенділерінің жиыны өтті

Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстандағы әзербайжандар қауымдастығының республикалық Ассоциациясының астаналық филиалы белсенділерінің қатысуымен маңызды жиын өтті.

Астана
Фото: assembly_astana

Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы секторының меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, Ассоциация төрағасы Әбілфас Хамедов, сондай-ақ Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова қатысты.

Астана
Фото: assembly_astana

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында жүктеген міндеттері талқыланып, Ассамблеяның 30 жылдығына арналған жобалар мен іс-шаралар жоспары қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстандағы әзербайжан этномәдени бірлестіктерін одан әрі біріктіру жолдары сөз болды.

Маңызды шешімдердің бірі ретінде, Астанадағы әзербайжандар қауымдастығы филиалының төрағасы болып Бахыш Ханлароғлы Гулиев сайланды. Сонымен қатар, филиал жанынан Ақсақалдар кеңесі мен Жастар қанаты құрылатын болды. Бұл бастамалар этномәдени жұмыстардың жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетеді.

Астана
Фото: assembly_astana

Айта кетейік, биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде Ассамблея ел бірлігін нығайтуда, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде тиімді құрылым ретінде өзін толықтай дәлелдеді. «Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган», – делінген ресми мәлімдемеде. Сонымен қатар, Ассамблея аясында жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық шаралар мен қоғамдық бастамалар көпұлтты елдің татулығын нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Мұндай басқосулар ел ішіндегі этносаралық келісімді бекемдеп, рухани бірліктің негізін қалауға қызмет етеді.

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық көмек