USD
USD
USD

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен балаға 19,6 млн теңге сақтандыру төлемі беріледі

Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күннен бастап жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Астанадағы автобус апаты
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Әкімдік пен автобус паркінің өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездесті. Қолдау көрсету бойынша мынадай шаралар белгіленді:

– автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі уақытта заң аясында тиісті рәсімдер жүргізілуде);

– қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;

– отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;

– медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;

– әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етіліп жатыр.

Баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Зардап шеккен қыз баланың туыстарына қабылданған және ұсынылған шаралар туралы толық ақпарат берілді.

Қала әкімдігі алғашқы күннен бастап зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп келеді. Бұл шаралар отбасыға жанашырлық пен шынайы қолдау көрсету мақсатында қолға алынды. Біздің өкілдеріміз отбасымен тұрақты байланыста болып, зардап шеккен қыз баланың сауығып, жан-жақты қолдау алуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр.

Сонымен қатар, ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары