USD
USD
USD

Астанадағы автобус апаты: әкім аяғынан айырылған қыздың жағдайын айтты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек осы жазда автобус апатынан екі аяғынан айырылған сегіз жасар Алуа Бекеннің отбасына әкімдік тарапынан уәде етілген пәтер берілгенін мәлімдеді.

instagram.com/help.aluabeken
Фото: instagram.com/help.aluabeken

Астана, NEGE. Бұл жаңалықты қала басшысы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. Журналистер әкімнен Алуаның отбасына қандай көмектер көрсетілгенін сұрады.

«Ол қарындасымыздың аты – Алуа. Өкінішке қарай, сондай жағдай болды. №1 автопарктің автобусы болатын. Медицина жағынан да, басқа жағынан да әкімдік көмек көрсетті және №1 автопарк 20 млн теңге көлемінде төлемақы берді. Сондай-ақ қаланың демеушілері тарапынан қосымша қаражат төленді.

Уәде берілген пәтер берілді. Ол пәтерде жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Қазір тұрып жатқан үйдің жалдау ақысын әкімдік төлеп жатыр», – деді Жеңіс Қасымбек.

Ол Алуа қазір мектепке барып жүргенін, мектеп тарапынан да қажет көмектер көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, биыл 2 маусым күні Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан 15 жолаушы зардап шеккен еді. Сол апат кезінде Алуа есімді сегіз жасар қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, кейін екі аяғынан бірдей айырылғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов