USD
USD
USD

Астанада жолаушы көліктен ішінде 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен

Астаналық жолаушы көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада жолаушы көліктен ішінде 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі жүгініп, 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні күні ол, досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген.

Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды. Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам байқалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен.

Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі