USD
USD
USD

Астанада жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді

Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде 23 қазан мен 3 қараша аралығында алғаш рет бокстан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі. 

Астанада жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордада жалауы желбірейтін байрақты бәсекеге сары құрлықтың 23 елінен ең мықты деген 200 жас спортшы Азия чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында Өзбекстан, Қытай Тайбэй, Жапония, Филиппин, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия , Иран, Қырғызстан, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түрікменстан, Палестина, Пәкістан, Йемен, Ирак, Иордания, Кувейт, Малайзия және Қазақстан мемлекеттері бар.

Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ұлдар 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі); қыздар 12 салмақта (45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі) сынға түседі.

Жастар арасындағы чемпионатқа 2005 және 2006 жылы туған боксшылар қатысады. Ал 2007 және 2008 жылдары туған балалар жасөспірімдер арасындағы жарыста бақ сынайды.

Бокс бәсекесін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Ал негізгі шаршы алаңдағы жекпе-жектер 23 қазан мен 3 қараша күндері 12:00-ден 22:00-ге дейінгі уақытқа жоспарланған. Финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары 2-3 қарашада анықталады.

Айта кетсек, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Азия чемпионатын 2016 жылы Павлодарда өткізген болатын. Жеті жылдық үзілістен кейін негізгі оқиға Астана төріне қайта оралмақ.

Жанкүйерлер үшін кіру тегін. Іс-шара Туризм және спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза