USD
USD
USD

Астанада жарықтың не себепті өшкенін арнайы комиссия анықтайды

Кеше кешке елорданың біраз ауданы жарықсыз қалды. Одан бөлек, су да тоқтатылды. Төтенше жағдайдың себебін арнайы комиссия қарайтын болады, деп хабарлайды Kazinform. 

Астанада жарықтың не себепті өшкенін арнайы комиссия анықтайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Кешегі жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия төтенше жағдайдың мән-жайын анықтаумен айналысады. Оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшылар кіреді. Комиссия 10 күннің ішінде жұмысын аяқтайды, біз нәтижесін жариялаймыз», - деді Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, брифинг барысында БАҚ өкілдері әкімдік өкілінен көлік қозғалысы туралы сұрады.

«Бағдаршамдардың істен шығуына байланысты жол-көлік оқиғасы бойынша талдау жүргізіледі, ақпаратты ұсынамыз. Жалпы бізде зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Егер тың ақпарат болса, бізбен байланыса аласыздар, біз оны тексереміз, Бірақ бүгінде ІІД-ге немесе әкімдікке мұндай жағдайлар не өтініш, шағым түскен жоқ», - деп жауап берді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар