USD
USD
USD

Астанада жарық сөніп, тұрғындар сусыз қалды

Астанада желідегі апат салдарынан жарық сөніп қалып, енді полиция жолдағы тәртіпті көшеге шығып өздері реттеуге мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Астанада жарық сөніп, тұрғындар сусыз қалды
Фото: NEGE.kz

«Электр қуатының өшірілуіне байланысты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша, барлық магистралды жол қиылыстарына кезекші полицейлер қойылды. Осылайша қазір жолдағы қозғалысты полиция қызметкерлері өздері реттеп жатыр. Сондай-ақ кейбір қиылыстарға генераторлар қойылды»,-деп хабарланды Астана қалалық Полиция департаментінен.

 Ал «Астана Су Арнасы» МҚК елордада неліктен ауызсу беру тоқтатылғанын түсіндірді.  29 қазан күні сағат 21:58-де Қалалық ВЛ-110кВ шеңберінде апатқа байланысты жарық сөндірілді. Қазіргі апаттың себеп-салдары нақтыланып жатыр.

«Бұл жағдай сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесіне де әсер етті. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер апатты жою жұмыстарымен айналысып жатыр»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.