USD
USD
USD

Астанада жалған ұялы байланыс операторы абоненттерді алдаған

Астанада жалған ұялы байланыс операторы абоненттерді алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада жалған ұялы байланыс операторы абоненттерді алдаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елорданың 23 жастағы тұрғыны ұялы байланыс call-орталығының операторы ретінде өзін таныстырып, пайдаланушыларды алдаған. Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректерін қарап алып, оларға 450 мың теңге мөлшерінде ұтыс туралы хабарлама жіберген.

Жүлдені алу үшін абоненттер өз балансын 10-12 мың теңгеге толықтыруы қажет болған. Сонымен бір уақытта, ұялы байланыс операторының мобильді қосымшасында ол басқа біреудің нөмірі мен клиенттер берген СМС-код нөмірлерін енгізген.

Алайда, жалған операторға SMS-кодты хабарлағаннан кейін абоненттер салған қаражат олардың балансынан шешіп алынған. Бүгінгі таңда 10-ға жуық алданған азамат полицияға жүгінді, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін. Залал сомасы анықталып жатыр. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды ұялы байланыс желілерінде жиі алдау жағдайлары туралы ескертеді. Есіңізде болсын, байланыс операторлары ешқашан абоненттерден құпия сөздерді, телефонға кодты және кез-келген жеке ақпаратты енгізуді сұрамайды.

Белгісіз адамдардың айтуы бойынша ешқандай әрекет жасамаңыз және оператордың абоненттік қызметіндегі ақпаратты тексеріңіз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.