USD
USD
USD

Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған

Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордалық Полиция департаментінің полицейлері арнайы операция жүргізді, оның барысында ақша бопсалады деген күдікті ұсталды. 23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақшаны қорқытып алғаны анықталды. Күдікті қыздарға пәтерге келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен. Бұл ретте қаскүнем полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады.

Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков