USD
USD
USD

Астанада жалдамалы жұмыскер ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Астанада жалдамалы жұмыскер ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада жалдамалы жұмыскер ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордалық полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, пәтерін жөндеуге жалданған жұмыскер жеке мүлкін ұрлап кеткенін хабарлаған. Есіл ауданының ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы елордалықты анықтады.

Тергеу барысында анықталғаны, ер адам сол жақ жағалауда орналасқан тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған қаскүнем пәтерден электро техниканы (ноутбук, музыка колонкасы) және жұмыс берушісінің аяқ киімін жасырын алып кеткен.

Келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгеге бағаланды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам өз ісін мойындады.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала