USD
USD
USD

Астанада зейнеткерді алдап, телефон ұрлаған күдікті анықталды

Астанада зейнеткерді алдап, телефонды қолды қылған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада зейнеткерді алдап, телефон ұрлаған күдікті анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын айтқан. Аялдамада тұрған зейнеткерге бейтаныс жігіт келіп, телефонын “қоңырау шалуға бере тұрыңызшы” деп өтінген.

Ардагер телефонының қуаты таусылып бара жатқандығын айтқан. Алайда айлакер қазір сауда орталығына барып қуаттандырып аламын деп, телефонын біржола алып кеткен. Жәбірленуші телефонын алып келеді деген сеніммен оның жолын тосып, кейін алданғанын түсініп, полиция қызметіне хабарласқан.

42 жастағы қала тұрғыны ұялы телефонды алып қана қоймай, оған тіркелген банк карточкасын пайдаланып, 140 мың теңгеге сауда-саттық жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады. Оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар