USD
USD
USD

Астанада үшінші күн қатарынан өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақта құрғақ шөптің өртеніуін сөндіруді жалғастыруда.

Астанада үшінші күн қатарынан өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ТЖД, «Астана Орманы» бөлімшелерінің күшімен жекелеген өрт орындарын жырту және үнемі қарауылдау жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация өрт ошақтарына 149 рет көлемі 447 тонна су төкті.

20 маусым күні сағат 20.16-да Қарағанды және Ақмола облыстарының ТЖД күштері мен құралдары үйлеріне кетті.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов көрші өңірлерден келген өрт сөндірушілерге жедел ден қойғаны және елордалық өрт сөндірушілерге құрғақ шөптердің өртенуін сөндіруге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 34 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Жергілікті жерде Өрт сөндіру штабы жұмысын жалғастыруда.

Қала әкімдігі еріктілермен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушылар үшін тамақ ұйымдастырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталды

Пышақ жарақаты

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы