USD
USD
USD

Астанада үш адам өрттен көз жұмды

Алдын ала болжам бойынша, өртке сөндірілмеген темекі себеп болуы мүмкін

Астанада үш адам өрттен көз жұмды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Астанада екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үш адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт туралы хабар 3 қыркүйек күні сағат 01:25-те келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта жалын үйдің 70 шаршы метр аумағын шарпыған. Өртеніп жатқан үйден 1970 жылы туған ер адам шығарылып, "улы газдан орташа дәрежедегі улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Өрт аумағын барлау және өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 1983 және 1970 жылы туған екі ер адам мен 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты.

Өртті сөндіруге 15 адам мен үш техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өртке сөндірілмеген темекі себеп болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс