USD
USD
USD

Астанада ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Астанада ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полицейлер Кемеров облысының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады.

30 жастағы әйел Астана қаласының Қабылдап-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам ретінде жеткізілді. Кемеров облысының 30 жастағы тұрғыны 2023 жылдың наурыз айында соттан жасырынып, Қазақстан Республикасына келгені анықталды.

Елордада әйелдің тұрақты тұрғылықты жері болмаған, кездейсоқ табыстармен күн көріп, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алған.

Ұсталған адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 3-бөлігіне сәйкес тұрғын үйге заңсыз кірумен жасалған ұрлық айыбы тағылған. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Минск Конвенциясына сәйкес Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар