USD
USD
USD

Астанада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына арналған концерт өтеді

Әйгілі «Ulytau» этно-рок-тобы өзінің 25 жылдығына орай Астанада үлкен концерт өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына арналған концерт өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 қазан күні кешкі сағат 20.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында жобаны жасаушы және продюсер Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы өзінің 25 жылдығына орай үлкен концерт өткізеді.

Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay өнер көрсетеді.

«Ұлытау» - бұл батыс және шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзше баламалары жоқ.
Скрипканың жұмсақ дыбысы қазақ домбырасының таңғаларлық мотивтерімен үйлеседі, ал электр гитараның айқын екпіндері топтың дыбысын шынында ерекшелей түседі. Ұлытау музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрқисса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала