USD
USD
USD

Астанада үйінде таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында Астанада 7 жасар қыздың үйінде соққыға жығылғаны туралы мәлімдеді. 

Астанада үйінде таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала ауруханада қалып, үйге оралғысы келмейді», — деп жазды Зәкиева.

Балалар омбудсмені мектепте баланы ұрып-соғудың ізі анықталғанын айтты.

«Мұғалімдер бірден балалар құқығын қорғау мекемесіне хабар берген. Ол үйде тағы 6 бала бар», - деп қосты Зәкиева.

Бұған дейін Балалар омбудсмені Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімі туралы айтқан болатын. Ол қазақстандықтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықты байқаса, белсенді түрде тиісті орындарға жеткізуге шақырды. Сондай-ақ Зәкиева балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін баса айтты.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.