USD
USD
USD

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды polisia.kz.

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесін ұстады. Олардың "бұзақылық" бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА маркалы тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған. 

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бап санкциясы екі жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті