USD
USD
USD

Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанада "Жеті бөшке" тұрғын үй кешені ғимараттарының бірінен өрт шықты, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 

Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 13:34-те өрт сөндіру қызметіне Сығанақ көшесі, 23 мекенжайы бойынша орналасқан үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына 5 көлікке мінген 25 өрт сөндіруші барды.

"Ғимарат пен балконның қаптамасы, сондай-ақ жылыту материалы тұтанған. 46 шаршы метр өртенді", - дейді департамент мамандары.

Тілсіз жау сағат 14:08-де ауыздықталды. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити