USD
USD
USD

Астанада «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің төртінші күйтабағына арналған концерті өтті

Дарынды ансамблдің концертін тамашалауға барша өнерсүйер қауым жиналды. Концерттік бағдарламада «TURAN» ансамблінің репертуарындағы Folk & Symphony жанрындағы үздік туындылары мен заманауи жаңа шығармалары орындалды. 

Астанада «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің төртінші күйтабағына арналған концерті өтті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Аталған ансамбль концерттің бірінші бөлімінде авторлық туындыларын орындап, екінші бөлімінде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрімен бірге өнерлерін көрсетті.

«FOLK & SYMPHONY» – «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің бірегей жобасы. Америка, Еуропа және Азия мемлекетінде өнер көрсетіп, симфониялық оркестрі мен қазақтың көне музыкалық аспаптарын біріктірген музыкалық ансамбль.

«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «FOLK & SYMPHONY» атты концерті Астанада алғаш рет өтті. Оркестрді халықаралық байқаулардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі, дирижер Ернар Нұртазин басқарады. «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі – қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын дамытуда заман талабына сай көне аспаптардың үнін жаңа үлгіде жаңғыртуға атсалысып жүрген өзіндік ерекшелігі бар өнер ұжымдарының бірі. 

«ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің шығармашылығына биыл 14 жыл толды. Осы уақыт аралығында ансамбль әлемнің 70-ке жуық елдерінде 600-ден астам жеке концерттерін өткізді. Өнер ұжымы «Карнеги Холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди орталығы» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт үйі» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Мәскеу, Ресей), «Конгресстер мен фестивальдер сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) сияқты атақты залдарда өнер көрсетті. 

Ансамбль құрамында 30-дан астам ұлттық аспаптарда ойнайтын өнерпаздар бар. Негізгі өнерпаздар – Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев және Жанту Дадабаев. Ансамбль мүшелерінің үшеуі өнертану ғылымдарының докторлары, қалған екеуі өнертану ғылымдарының магистрлері.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев