USD
USD
USD

Астанада TEDx конференциясы өтеді

Астана, NEGE.

Астанада TEDx конференциясы өтеді
Фото: NEGE.kz


4 желтоқсанда елордада алтыншы TEDxAstana конференциясы өтеді. Биылғы конференция тақырыбы – «Бейуақыт».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2022 жылғы оқиғалар біздің өзімізге және әлемге қатысты түсінігімізді өзгертті. Ендігі кезекте ауыр әңгіме қозғап, күрделі шешім қабылдайтын шақ туды. Бұл шақ «бейуақыт» кезіндегі көңіл-күймен парапар келетіндей.

Бейуақыт – қараңғының күшіне енетін өтпелі апақ-сапақ кез. Бұл уақытта ұйықтасаң, бойды «қара күштер» билейтініне сенген ата-бабамыз шаруасын қараңғыға қалдырмай қамдаған.

«Біз 2022 жылғы TEDxAstana конференциясының тақырыбы етіп осы метафораны таңдадық. Неге десеңіз, біздің қазіргі бастан кешіп жатқан тарихи сәтті тәтті ұйқыда өткізуге болмайтынына сенімдіміз. Сол себепті идея күшіне сенетін TEDx қауымын «әлемдегі өз орнын және өзіндегі әлемді сезінуге» шақырамыз. Бүгінгі тарихи жағдайға орай құлдық санадан арылу мен тіл мәселесін, жадымен жұмыс, геосаясат пен экономиканы бірге зерттеп, зерделеу мақсатында кездеспекпіз», – дейді TEDxAstana ұйымдастырушылары. 

Қазір оқып жатыр

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог