USD
USD
USD

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Астанада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. 13-15 желтоқсанда «Жансая» орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.

14-16 желтоқсанда «Барыс-Аренада» жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнир жоспарланған.

14 желтоқсан күні сағат 11.00-де «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік жолында» архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.

15 қазан күні сағат 10.00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.

15 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Астана» СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы ұйымдастырылады.

15 желтоқсанда «Beeline Arena» спорт кешенінде алғаш рет «ІВА Чемпиондар түні» — «Astana Arlans» бокстан турнир өтеді.

15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.

16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің «Атамекен» спектаклін ұсынады.

Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында «Әлия» спектакль-драмасы өтеді.

16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.

17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар