USD
USD
USD

Астанада сұрапыл жел салдарынан төрт адам жарақат алды

Науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанада сұрапыл жел салдарынан төрт адам жарақат алды
Фото: NEGE.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада қалалық стационарларға медициналық көмек бойынша жүгінген азаматтар бар.

Осылайша, жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты түрлі жарақаттары бойынша Көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізді. Олар негізінен көгеру, жара секілді жарақаттармен түсті. Бір бала аяқтың жабық сынуымен жеткізілді. Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ.

Науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді.

Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты.

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар