USD
USD
USD

Елордада сыбайлас жемқорлық жасаған кәсіпкерлер мен мемлекеттік аудитор сотталды

Шетелдік компания басшылары мен мемлекеттік аудитор сыбайлас жемқорлық бойынша сотталды. Олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Елордада сыбайлас жемқорлық жасаған кәсіпкерлер мен мемлекеттік аудитор сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының №2 сотында "Евраскон" ААҚ (Әзербайжан Республикасы) компаниясының өкілдері З. Исмиевке, Г. Гадировқа және "Аймереке" ЖШС директоры А. Байкенжеге қатысты істі қарау аяқталды.

"Олар мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындыларын қайта қарағаны үшін Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына пара берді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

27 наурызда аталған адамдар пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар пара беруге итермелегені үшін Б. Керейтбаев пен Г. Шөкенов кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Астана қаласы бойынша ІМАД маманы Д. Төлеубаев кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдардың барлығы да мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырылған.

Сот тергеу әрекеттерін жүргізуге белсенді кедергі келтірген Д.К. Төлеубаевтың туысы – А.А. Әкімбаевты (теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы жедел полиция қызметкері) кінәлі деп таныды. Ол билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық жасап, жемқорлық қылмыстарын жасауда айыпталушыларды әшкерелейтін заттай дәлелдемелерді жасырған. Сот оның бас бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе