USD
USD
USD

Астанада рұқсат құжаттарынсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады

Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген «Көктөбе» ТК бұзылады. Тұрғын үй кешені Алматы ауданындағы Ш.Қалдаяқов пен К.Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. «Global Millennium» ЖШС құрылыс салушысы қадалар жүргізіп, шұңқырын қазған, сол сияқты іргетасын құйып, 1 қабатын тұрғызған.

Астанада рұқсат құжаттарынсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше басталған. Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап (тиісті жобалау-сметалық құжаттамасыз), 319-бап (жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй нысандарын заңсыз салу), 321-баптың 1-бөлігі (техникалық және авторлық қадағалауларсыз құрылысты жүзеге асыру), 463-баптың 1-бөлігі (рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асыру) бойынша ӘҚБтК ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды.

«DBK-Engineering» ЖШС бас мердігеріне қатысты ҚР кодексінің 313-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама (осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструктивтік элементтердің беріктігін, тұрақтылығын жоғалтуға әкеп соққан іс-әрекеттер жасау ретінде) жасалды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот елорданың қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасының талабын қолдады және құрылыс салушыны тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова