USD
USD
USD

Астанада «Robozerde -2023» роботехника фестивалі өтті

Астанада дәл осындай атаумен I қалалық робототехника фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар24».

Астанада «Robozerde -2023» роботехника фестивалі өтті
Фото: NEGE.kz

Алғаш рет ұйымдастырылған шара өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Мақсұт есімімен аталды. Ал оған елорда мектептерінің осы саланы жанына серік еткен оқушылары қатысып, лабиринт, биатлон, шығармашылық жоба бағытында сайысқа түсті. Оқушылар түрлі инновациялық жоба жасып, өнертабыстарын қоғам пайдасына жаратуды көздейді. Салтанатты жиында белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмі көрсетілді.

Нұрбек Аманов, №9 "Зерде" мамандандырылған мектебінің директоры:

- Сайыстың мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілетін шыңдап, робототехника қызығушылығын арттыру. Әлихан Серікзатұлы оқушымыз өзі де физика, робототехника пәндерінен халықаралық сайыстың жеңімпазы еді. Өзі өте ғылымға жақын оқушымыз еді. Әлиханның мақсаты техника саласы бойынша ғылыми жаңалық ашсам, қоғамға пайдам тисін деген арманы бар еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank