USD
USD
USD

Астанада парфюмерия дүкенінен әтір ұрлаған қос бойжеткен бейнебақылау камераларына түсіп қалған

Астанада парфюмерия дүкенінен әтір ұрлаған қос бойжеткен бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада парфюмерия дүкенінен әтір ұрлаған қос бойжеткен бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының 18 жастағы және Павлодар облысының 17 жастағы тумасын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздар сағат 09:40-та Мәңгілік Ел көшесіндегі косметика дүкенінде сөредегі тауарларды қарап жүріп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, 49 мың теңгеге 3 дана әйелдер парфюмін жасырын алып шығып, қашып кеткендігі анықталды.

Ұрлық жасалған сәті бутиктің сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға, қырағы болуға кеңес береді. Сауда үй-жайларын бейнебақылау камераларымен және күзет дабылдарымен жабдықтау қажет.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты