USD
USD
USD

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Елордадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтулы бәсекеге Қазақстан, Словакия, Швеция, Жапония, Финляндия және Ұлыбритания командалары қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, следж-хоккейден ұлттық құрама өткен жылғы С пулындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, В тобына жолдама алған еді.

«Біз «B-Pоol» жарысына алғаш рет қатысамыз. Астана қаласының құрама командасынан құралған хоккейшілер мұндай мүмкіндікке өткен маусымда Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алған соң ие болдық. Жалпы Қазақстанда пара хоккейді дамыту бағдарламасын бес жыл бұрын ғана бастаған болатынбыз. Содан бері жергілікті демеушілер мен ұйымдардың назарын аударып, ұлттық құраманың қалыптасуына көмектесті. «B-Pоol» пара хоккейден әлем чемпионаты тоғызыншы рет өтіп, Азияда үшінші рет өткізіледі», - деді команда мүшесі Қайрат Сабыров.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты