USD
USD
USD

Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті (видео)

Елорда мектептерінің бірінде оқушы баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алған.

Астанада оқушы мектеп баспалдағынан құлап, ауруханаға түсті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астанадағы мектепте болған оқиға туралы "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Смаилова хабарлады.

Айтуынша, бала мектеп баспалдағынан құлап, басынан, көзінен жарақат алған, сүйектері сынған. Сондай-ақ үш күн бойы жансақтау бөлімінде комада жатқан. Оның бас жарақатынан көзі көрмей қалуы мүмкін.

Астананың Білім басқармасы 25 қыркүйек күні таңертең оқиғаның №14 мектеп-гимназияда болғанын хабарлады. Оқушы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып, баспалдақтан құлап кеткен. Ол сыныптасы оны итеріп жібергенін хабарлады.

"Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін жиды, жағдайы тұрақты. Ол комаға түскен жоқ", - деп хабарлады елорданың білім басқармасы.

Басшылық мектептегі баспалдақтарда қоршаулар бар екенін баса айтты. Бірақ бұл оқиғадан кейін мектеп басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін. Себебі мұғалімдер оқушылардың тәртібін қадағаламады.

"Білім басқармасы мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен балаға қажет медицина көмегі беріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ