USD
USD
USD

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр, деп хабарлады ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Оның бұрын сотталғаны анықталды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.

ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін хабарлады. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі